Спорт Министрі | «Ақтөбе» клубы Азия чемпиондар лигасын сенімді жеңіспен бастады
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

«Ақтөбе» клубы Азия чемпиондар лигасын сенімді жеңіспен бастады

Жапонияда волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан Азия чемпиондар лигасында қазақстандық «Ақтөбе» клубы алғашқы ойынын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Өткен маусымда Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған «Ақтөбе» бұл турнирге алғаш рет қатысып отыр.

А тобына түскен ақтөбеліктер Аустралиялық «Queensland Pirates» командасымен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті — 3:0 (25:11, 25:15, 25:19).

Бас бапкер Сергей Трикоздың шәкірттері ойынның басынан бастап сенімді ойын көрсетті. Әсіресе, шабуылдағы дәлдік пен қорғаныстағы үйлесімділік қарсыластың қарсылығын әлсіретті.

Енді «Ақтөбе» ертең 2023 жылғы Азия клубтық чемпионатының жеңімпазы, жапониялық «Suntory Sunbirds Osaka» командасымен күш сынасады. Бұл кездесу топтағы көшбасшылық үшін шешуші ойын болмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button