БАСҚАЛАРЫ
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 12 медальмен аяқтап, жалпы есепте екінші орын алды

Қытайдың Наньчан қаласында өткен байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы бұл жарысты табысты аяқтап, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sportm.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, қазақстандық спортшылар құрлықтық бәсекеде барлығы 12 медаль жеңіп алды. Оның ішінде: 4 алтын, 4 күміс, 4 қола.
Медаль саны бойынша Қытай құрамасы көш бастаса, үшінші орынды Иран иеленді.