Спорт Министрі | Зейнолла Ыдырысов Болгариядағы халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
БАСҚАЛАРЫ

Зейнолла Ыдырысов Болгариядағы халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup халықаралық турнирінде жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Спорттық гимнастика бойынша ат снарядында өнер көрсеткен Ыдырысов 14.233 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

Бірінші орынды вьетнамдық Нгок Хуан иеленді. Ол бар болғаны 0.033 ұпайға ғана басым түсіп, 14.266 ұпаймен алтынға қол жеткізді. Ал қола жүлде өзбекстандық Абдулла Азимовке бұйырды.

Бұл нәтижемен Зейнолла Ыдырысов Қазақстан гимнастикасының халықаралық ареналардағы қарқынды дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button