Спорт Министрі | Елена Рыбакина Рим турнирінде үшінші айналымға өтті
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина Рим турнирінде үшінші айналымға өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 12-сатыда тұрған Елена Рыбакина Италия астанасында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Рим турнирін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Екінші айналымнан жарысқа қосылған Рыбакина Германия өкілі Ева Лиспен кездесті. Бірінші сетте қарсыласы 4:2 есебімен алда келе жатқанымен, Елена есепті теңестіріп, тай-брейкте 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте 2:2 есебінен кейін басымдық толық Рыбакинаның қолына өтті — 6:2.

Үшінші айналымда Елена Рыбакина Хорватияның 19-ракеткасы Донна Векич немесе Канада өкілі Бьянка Андреескудің біреуімен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button