
10–24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтетін 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының ресми кестесі жарияланды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Азия бокс конфедерациясы (ASBC) мәлім еткендей, құрлықтық дода 11 мамырда техникалық жиналыс пен жеребе тарту рәсімімен басталады. Ал алғашқы жекпе-жектер 12 мамырда өтеді.
Жарыс кезеңдері:
-
12–18 мамыр — Іріктеу кезеңі
-
20–21 мамыр — Жартылай финал
-
22–23 мамыр — Финалдық жекпе-жектер
-
24 мамыр — Ресми жабылу салтанаты
Айта кетейік, Қазақстанның жас боксшылары бұған дейін 17 жасқа дейінгі Азия чемпионатында керемет нәтиже көрсетіп, 10 алтын медаль жеңіп алған болатын. Енді жастар құрамасы бұл жетістікті жалғастыруды көздеп отыр.