Спорт Министрі | Астанада пара оқ атудан ашық чемпионат өтті
БАСҚАЛАРЫ

Астанада пара оқ атудан ашық чемпионат өтті

Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пара оқ атудан қалалық ашық чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sportm.kz. Жарыс Астана қаласы әкімдігінің «Елорда» спорт клубының бастамасымен өтті.

Сайысқа клуб мүшелерімен қатар, мекеме қызметкерлері де қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс барысында қатысушылар пневматикалық тапанша мен винтовка түрлерінен мергендіктерін көрсетті.

Жарысқа жалпы 25 спортшы қатысты. Бұл – Жеңістің 80 жылдығына арналған төртінші спорттық іс-шара. Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат, дойбы және отырып ойнайтын волейбол жарыстары өткізілген болатын.

– Бұл чемпионат — ел тәуелсіздігі жолында жанын қиған батырларға тағзым мен инклюзивті спортты дамытуға арналған маңызды қадам, – деді клуб басшысы Азамат Тағаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button