БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық жүзгіштер Афиныдағы халықаралық турнирде 4 медаль жеңіп алды

Афины қаласында (Грекия) өтіп жатқан Acropolis Swim Open 2025 халықаралық жарысында қазақстандық жүзгіштер сәтті өнер көрсетіп, төрт бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportm.kz.
Турнирдің екінші күнгі қорытындысы бойынша еліміздің жүзгіштері келесідей нәтиже көрсетті:
-
Әділбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 52.56 секунд нәтиже көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді;
-
Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен 31.87 секундта жүзіп, медальға ие болды;
-
Айбат Мырзамұратов 50 метр брасста 28.05 секунд нәтижемен мәреге жетті;
-
Максим Сказобцов 100 метр баттерфляйда 53.61 секунд нәтиже көрсетті.
Acropolis Swim Open турнирі биыл 8 елден келген 680 үздік атлеттің басын қосып отыр. Жарыс 4 мамыр күні аяқталады.