КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ
Жақында тарих жасаймыз – Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Үшінші чемпиондық белдікке жету жолында үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақында біз тарих жасаймыз, – деп жазды спортшы өзінің Instagram парақшасында.
5 сәуір күні Астанада жеңілмеген қазақстандық боксшы чемпиондық атақтарын сәтті қорғап, бесінші раундта француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) нокаутпен жеңген болатын.
Сол жекпе-жектен кейін Жәнібек WBC тұжырымы бойынша белдік иесі, Доминикан Республикасы өкілі Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) біріктіруші кездесу өткізгісі келетінін мәлімдеді.