Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы – әлемнің үздік 20 боксшысының қатарында
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы – әлемнің үздік 20 боксшысының қатарында

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың қатарына енді, деп хабарлайды Sportm.kz.

Boxingscene.com порталының шолушысы Стивен Эдвардс дайындаған P4P (pound-for-pound) рейтингінде Жәнібек 20-орынға тұрақтады. Айта кетейік, ол қазіргі таңда WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Кәсіпқой мансабында 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен (12 нокаут).

Эдвардстің тізімінің көшін америкалық Теренс Кроуфорд бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Александр Усик, Наоя Иноуэ, Дмитрий Бивол және Артур Бетербиев секілді мықтылар жайғасқан.

Бұл тізім Жәнібектің халықаралық аренада мойындалған мықты боксшылар қатарынан ойып орын алғанын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button