Спорт Министрі | ҚПЛ тарихындағы алғашқы әйел төреші мансабын аяқтады
БАСҚАЛАРЫ

ҚПЛ тарихындағы алғашқы әйел төреші мансабын аяқтады

Қазақстан футболының тарихында ерекше оқиға орын алды – Эльвира Нұрмустафина кәсіби төрешілік мансабын аяқтап, соңғы ойынын басқарды, деп хабарлайды Sportm.kz.

Эльвира Нұрмустафина төрешілік жолын 2008 жылы бастаған. Ал 2010 жылы FIFA дәрежесіне ие болып, 2013 жылдан бастап халықаралық деңгейде матчтар жүргізе бастады. 2021 жылы ол Қазақстан Премьер-лигасы тарихында ерлер арасындағы ресми ойынды басқарған тұңғыш әйел төреші атанды.

Осы жылдар ішінде Нұрмустафина кәсібилік пен табандылықтың символына айналды. Ол еліміздегі төрешілік саласына және әйелдердің спорттағы рөлін нығайтуға үлкен үлес қосты.

Оның соңғы басқарған матчы тек спорттық шара ғана емес, бір дәуірмен қоштасу сәті болды. Эльвира Нұрмустафина – жаңа буынға үлгі бола білген нағыз пионер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button