Спорт Министрі | Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте екі сатыға көтерілді
БАСҚАЛАРЫ

Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте екі сатыға көтерілді

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) жариялаған жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева алға жылжып, 12-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Sportm.kz.

 Оның жеке есебінде — 2 494 ұпай. Бұл көрсеткіш ресейлік Полина Шувалованың нәтижесімен бірдей — екі шахматшы да бір қатарда тұр.

Әлемнің үздік 100 шахматшысы тізіміне енген өзге қазақстандықтар қатарында Меруерт Камалетдинова (2 345 ұпаймен 97-орын) және Әмина Қайырбекова (2 344 ұпаймен 100-орын) бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button