
Ташкент қаласында (Өзбекстан) конкур спортынан Maxima Masters Еуразия турнирінің командалық кезеңі мен Әлем кубогының іріктеу сайыстары өтті. Қазақстандық шабандоздар турнирде жүлделі орындарға ие болды
Аталған жарыста Қазақстан құрамасының намысын алты спортшы қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті.
-
Ксения Баталова үш күміс медаль жеңіп алды (120 см, 140 см және 160 см биіктіктегі кедергілерде);
-
Олег Соболенко 125 см биіктікте күміс медаль және командалық есепте қола жүлдеге қол жеткізді;
-
Нұрила Тұрысбекова 130 см биіктікте бір күміс және екі қола медаль иеленді (оның бірі командалық жарыста);
-
Даяна Онаева командалық жарыста қола медаль еншіледі;
-
Бекжан Байжанұлы 130 см биіктікте күміс және командалық есепте қола жүлдегер атанды.
Жалпы, жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 шабандоз қатысты. Бұл кезең Еуразиялық лига күнтізбесіне енген және халықаралық маусым аясындағы маңызды турнирлердің бірі саналады.