БОКСКӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ
Жәнібек Әлімханұлы: Адаместі құлатып, зейнетке шығарамын

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместі жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды sportm.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Карлос Адаместің сазайын беремін. Оны нокаутқа түсіріп, мезгілінен бұрын зейнетке шығарамын. Сөйтіп, WBC мен The Ring-ті қоса төрт белбеумен тұрамын. Мына асыра бағаланған қорқақ тағы да қашып кетпесе, бұл жекпе-жек күзге дейін өтуі керек. Карлос, тығыла бергенді доғарып, келісімшартқа қол қойсаңшы! Қорқақ болмасаң, нағыз жауынгерше рингке шық! Белбеуден айырылып қалудан қорқатыныңды білемін, бірақ бұл – бокс, – деді Qazaq Style.