Спорт Министрі | Теннис: Жасөспірімдер құрамасы ӘЧ-ның іріктеуіне қатысады
ТЕННИС

Теннис: Жасөспірімдер құрамасы ӘЧ-ның іріктеуіне қатысады

Қазақстандық теннисшілер 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды sportm.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.

Кучинге (Малайзия) Азия/Океания аймағынан World Junior Tennis Competition 14&under турнирінің іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Жас теннисшілеріміз «B» тобында Жапония, Иран және Индонезия құрамаларымен күш сынасады. Бүгін Қазақстан құрамасы Иранмен ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button