Спорт Министрі | Төрехан Сабырхан: Екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді
ӘУЕСҚОЙ БОКСБОКС

Төрехан Сабырхан: Екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді

Ол бұл туралы Спорт министрі ютуб каналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды sportm.kz.

5 сәуір күні кәсіпқой бокста дебютін жасаған Төрехан Сабырхан алдағы жоспарын айтты.

Біз әлі кәсіпқой боксқа ауысқан жоқпыз. Алда әлі әлем чемпионаты және Олимпиада ойындары бар. Бұйырса 2028 жылы елімізге Олимпиада алтынын сыйлау – басты мақсатымыз. Сондай-ақ, Қазақстанда әлі екі дүркін Олимпиада чемпионы шықпаған. Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы болғым келеді. Содан кейін бір-ақ кәсіби боксқа бару ойымда бар. Оның бәрін алдағы уақытта көреміз, әлі жаспын, — деді Төрехан Сабырхан.

Еске салайық, Төрехан Сабырхан  жастар арасында әлем чемпионы, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы, жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button