Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы: Канело қайдасың?
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы: Канело қайдасың?

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісінен кейін бірден осындай мәлімдеме жасады. Айта кетейік, бірер күн бұрын Астанада бокс кеші өтті.

Оның аясында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анаэль Нгамиссинге кездесіп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтарды сарапқа салған болатын. Нәтижесінде, жерлесіміз бесінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңіп, титулдарын қорғап қалды. Бұл — Жәнібектің 17-ші кездесуі және 17-ші жеңісі. Оның 12-сін уақытнан бұрын аяқтап отыр. Осы жекпе-жектен кейін әлеуметтік желідегі парақшасына ол өзін орта салмақтың патшасымын деп жариялады және мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды.

«Сен де өзіңді патша санайсың ба? Ендеше әлемге қос патшаның айқасын көрсетейік. Канело, қайдасың?» — деді Жәнібек.

 Айта кетейік, қазақстандық боксшы бұған дейін де мексикалық былғары қолғап шеберіне бірнеше рет ұсыныс тасаған болатын және егер екінші тарап келісімін беріп, жекпе-жек ұйымдастырылып жатса салмақ ауыстыруға да дайын екенін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button