Спорт Министрі | Б. Жалолов: Дычкомен кездесу қызық емес
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Б. Жалолов: Дычкомен кездесу қызық емес

Жалолов пен Дычко кездесуі жақын болашақта болмайды. Өзбектсандық боксшы бұл ұсыныстың қызық еместігін алға артты.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Баходир Жалолов та Астанада ашық форматтағы жаттығу өткізді. Ол да алдағы кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Баходир украиналық Игорь Шевадзуцкиймен жұдырықтасады. Өзбекстандық былғары қолғап шебері бүгінге дейін кәсіпқой рингте 14 кездесу өткізіп, 14-інде де жеңіске жетті. Қарсыласының көрсеткіші 14 жекпе-жек, 12 жеңіс. Ал, көпшілік тағатсыдана күтіп жүрген Иван Дычко мен Баходир Жалолов кездесуі әзірге ұйымдастырылмайды. Айта кетейік, қос мықты әуесқой бокста 4 рет кездесіп, 4-еуінде де жерлесіміз жеңіске жеткен болатын.

«Иван Дычкомен кездесу өткізу маған қызық емес. Оның өз жолы бар. Менің өз жолым бар. Біз барлық жоспарымызды менеджерлермен бірге жан-жақты талқылап барып құрамыз» — деді Баходир Жалолов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button