Спорт Министрі | Ел үздіктері әлемдік аламанға аттанды
БАСҚАЛАРЫ

Ел үздіктері әлемдік аламанға аттанды

Испанияның Гвадалахара қаласында каратэден жастар арасындағы әлемдік лига өтеді. Бұл — дәстүрлі ұйымдастырылатын дүниежүзілік доданың екінші кезеңі. Бас-аяғы төрт кезеңнен тұрады.

Оған еліміз атынан 12 спортшы аттанды. Олардың арасында Мирас Әбдіқадір, Айдарбек Дінмұхаммед, Сұңқар Қаныбек, Нұрсейіт Нұрасыл және Ділназ Кенжебай сияқты спортшылар бар. Байрақты бәсекеге қазақстандық қыз-жігіттерден бөлек, 80 елдің өкілдері қатысуға ниет танытты. Яғни, 3 мыңға жуық өрен өзара мықтыны анықтайды. Жастар лигасының өзі ертең басталып, 6-сәуірге дейін жалғасады. Шаттық Қажымұқан баптайтын ұлттық құрама жақсы жетістікпен оралады деген үміттеміз. Өйткені, дәл осы жарыс нәтижесінде спортшыларға рейтингілік ұпайлар беріледі. Ал, ол алдағы жылы Дакарда өтетін жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында, егер каратэ бағдарламасында қалып жатса, шешуші рөлді атқарады.

Айта кетейік, наурыздың басында Қызылорда қаласына каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Соның қорытындысы бойынша, осындай халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button