Михаил Шайдоров алдыңғы үштікте

АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Бірер сағат бұрын ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша бәсекелер болды. Бұл сынға еліміз атынан Михаил Шайдоров қатысқан болатын. Ол өте сәтті өнер көрсетіп, жалпы тізімде үшінші орынға жайғасты. Михаил аталмыш жарыста 94.77 ұпай алды. Бұл отандық спорт тарихында қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Бұған дейін 2013 жылы Денис Тен дәл осындай қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған еді. Сонымен, Михаил жалпы тізімде үшінші тұр. Екінші орында жапониялық Юма Кагияма болса, топ басында америкалық Илья Малинин.
Енді 30-наурыз күні еркін бағдарлама бойынша бәсекелер өтеді және қазақстандық Михаил Шайдоров осы қарқынын жоғалтпай, жүлдеге ілігеді деген үміттеміз.