Спорт Министрі | Әлем чемпионаты: Михаил Шайдоров алдыңғы үштікте
ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Әлем чемпионаты: Михаил Шайдоров алдыңғы үштікте

АҚШ-тың Бостон қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды sportm.kz.

Бірер сағат бұрын ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша бәсекелер болды. Бұл сынға еліміздің атынан Михаил Шайдоров қатыcты. Ол өте сәтті өнер көрсетіп, жалпы тізімде үшінші орынға жайғасты.

Михаил жарыста 94.77 ұпай алды. Бұл отандық спорт тарихында қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары көрсеткіш саналады. Бұған дейін 2013 жылы Денис Тен дәл осындай қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған еді. Сонымен, Михаил жалпы тізімде үшінші тұр. Екінші орында жапониялық Юма Кагияма болса, топ басында америкалық Илья Малинин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button