
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына бірінші медаль түсті, деп хабарлайды sportm.kz.
Грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Ибрагим Магомадов жергілікті балуанды тізе бүктіріп тұғырдан орын алды. Бірінші кезеңнен кейін 0:3 есебімен ұтылып жатқан жерлесіміз, белдесудің екінші жартысында төрттағанда қарсыласынан айласын асырды.