Спорт Министрі |
ФУТБОЛ

«Спартак» пен «Пахтакор» Астанаға келді

Бұнда футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир өтеді.

Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып тұрған «Астана Кубогына» бас-аяғы 12 команда жиналды. Олардың арасында мәскеулік «Спартак» пен ташкенттік «Пахтакор» клубтарының шәкірттері бар. Олар дәл осы бәсеке жайында бірер ай бұрын білген және аталған аралықта арнайы дайындық жүргізіп үлгерген. Енді алдағы күндері, нақтырақ айтқанда, 25-28 наурыз  күндері өзара мықтыны анықтайды. Ерекшелігі сол Астана қалалық спорт басқармасы және Қазақстан футбол федерациясы қолдауымен ұйымдастырылған жарыс алғаш рет еліміздің бас стадион «Астана Аренада» өтеді.

«Біз халықаралық жарыстарға жиі қатысып, балалардың шеберлігін шыңдап тұрамыз. Астанадағы турнирге де арнайы келдік. Бұнда мықты командалар бар. Тек балалар ғана емес, бапкерлерге де тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік. Барлығымыздың мақсатымыз бір. Осы балалар арасынан әлемдік деңгейдегі футболшылар шығару» — деді «Пахтакор» командасының бапкері Фарух Фатхулаев.

Астанадағы аладоп аламанына ресейлік және өзбекстандық командалардан бөлек, еліміздің түкпір-түкпіріндегі өрендер де жиналып жатыр. Халықаралық турнир 10 жастағы балалар арасында болады және дәл осы жас деңгейінің таңдалуы бекер емес. Яғни, футболға жаңадан келген балаларға көбірек ойын уақытын беріп, дұрыс қалыптастуына жағдай жасау маңызды дейді мамандар.

«Біздің мақсат – жарысты тұрақты өткізу. Осы арқылы балалардың шеберлігі шыңдауымыз қажет.  Сондықтан, халықаралық турнирді барынша жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысамыз. Қалалық спорт басқармасы және Қазақстан футбол федерациясы толық қолдау көрсетіп жатыр» — деді №8 спорт мектебінің директоры Еркебұлан Жомарт.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button