Спорт Министрі | Дәулет Тұрлыханов күрес федерациясы басшылығынан кетті
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Дәулет Тұрлыханов күрес федерациясы басшылығынан кетті

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Azia) президенттігінен кетті, деп хабарлайды sportm.kz.

Азия күрес қауымдастығының президенті қызметіне иорданиялық Мохаммед Әл-Авамала тағайындалды. Ол Иорданияда өткен жиында 38 дауыстың 34-ін жинап, 2028 жылға дейін UWW Asia ұйымын басқаратын болды. Ал Тұрлыханов бұл орында 2017 жылдың мамырынан бері отырған еді.

Айта кетейік, Дәулет Тұрлыханов  Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Мәжіліс депутаты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button