Спорт Министрі | Нариман Құрбанов Түркияда өткен әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Нариман Құрбанов Түркияда өткен әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Анталья қаласында (Түркия) өткен спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы ат снаряды бойынша финалда өнер көрсетіп, 14.634 ұпай жинады және жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді. Бұл Нариман Құрбановтың Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысы болды.

Осы бағдарламада тағы бір қазақстандық гимнаст – Зейнолла Ыдырысов 14.300 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, иорданиялық Ахмад Абу Әл Сауд 14.200 ұпаймен қола медаль иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button