Спорт Министрі | Е. Сайдалин: Ең мықты құрама боламыз
ӘУЕСҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Е. Сайдалин: Ең мықты құрама боламыз

Болашақта ең мықты құрамалардың бірі боламыз. Ол үшін тек көшбасшыларды ғана емес, екінші, үшінші және төртінші нөмірлі боксшыларды да барынша шыңдаймыз. Жуырда ғана Сербиядағы әлем чемпионатынан тарихи нәтижемен оралған ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин өзіндік қорытынды жасап, осындай жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, дүниежүзілік додадағы жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Негізгі мақсат – 2028 жылғы олимпиадада жақсы өнер көрсету. Ол үшін қазірден кешенді жұмыстрады қолға алып, алыс мерзімді жоспар құру маңызды. Әсіресе, жас спортшылар арасынан үздіктерін іріктеп, оларды тәжірибелі боксшылармен бірге жаттықтыру қолға алынбақ. Бұған қоса, әр жарыстағы қателіктерді де ескеріп, оны уақытылы түзеп отыру керекпіз дейді бас бапкер.

«Қазір біздің құрам өте мықты. Жас буын өсіп келе жатыр. Біз тек көшбасшыларды ғана емес, екінші, үшінші, төртінші нөмірлі боксшыларды да шыңдаймыз. Алда үлкен жұмыс пен тығыз жарыс кестесі күтіп тұр. Спортшылар мен жаттықтырушылардың ынтасы мен талпынысы өте жоғары. Біз маусымды жақсы қарқында бастадық. 2025 жыл ары қарай да жемісті болады деп үміттенеміз» — деді Елдос Сайдалин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button