Спорт Министрі | Каратэші қыздар үздіктер қатарында
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Каратэші қыздар үздіктер қатарында

Қытайдың Ханджоу қаласында каратэның олимпиадалық бағыты, яғни, WKF түрі бойынша премьер-лига жарысы өтті, деп хабарлайды sportm.kz.

Бұнда тек әлемдік рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған 32 спортшы ғана қатысады. Міне, осы байрақты бәсекеде қазақстандық Әсел Қанай (61 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) қола жүлдеге қол созды. Ал, Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) күміс жүлдегер атанды. Ол финалда алжирлік Силия Уикенмен тең түсіп, бірінші ұпай алған спортшыға жеңіс берілді.

Дәл осы қыздар Токиодағы Олимпиада ойындарында да, Ханджоудағы Азия ойындарында да бірінен соң бірі жеңіске жетіп, ел абыройын асқақтатқан еді. Енді, міне, кезекті рет жеңіс жолын жалғап, өз мықтылығын дәлелдеді. Каратэ жанкүйерлерін қуантты. Байқасаңыз, қазір ерлерге қарағанды осы қыздарымыз жақсы нәтиже тіркеп жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button