
Қызылорда қаласына каратэден жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Ішкі біріншілікке 600-ге жуық спортшы қатысты. Бұл — өзіндік рекорд. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар жапон жекпе-жегінің ката және кумите бағдарламасы бойынша сынға түсті. Бас-аяғы 44 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Шымкет қаласының құрамасы топ бастады. Олар 9 алтын, 11 күміс және 11 қола жеңіп алды. Үздік үштікті Маңғыстау және Жамбыл облысының командалары түйіндеді.
Бір қызығы, дәл осы жарыста жеңіс тұғырына көтерілген ағайынды спортшылар көп болды. Мәселен, жамбылдық Нұрсейіт Алмат пен Нұрсейіт Нұрасыл өз салмақ дәрежелерінжде чемпион атанды. Дәл осылай алматылық Мұрат Дамитов пен Тимур Дамитов, ақмолалық Максим Москвичев пен Кирилл Москвичев, біржақтігі Арлан Мұрат мен Арнұр Мұрат үздік үштікке ілігіп, жүлдегерлер қатарынан табылды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге рейтингтік ұпайлар берілді.