18 боксшымыз жартылай финалға шықты

Болгарияның София қаласында бокстан кіші әлем чемпионаты атанып кеткен «Странджа Кубогы» жалғасып жатыр.
Жарыстың кезекті күні ерлер арасындағы ширек финалдық кездесулер өтті. Нәтижесінде, 18 боксшымыз қарсыластарын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал, 7-еуі жарысты аяқтады. Атап айтқанда, негізгі үміттеріміздің бірі Махмұд Сабырхан тағамдық инфекция салдарынан жұдырықтаса алмады. Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында қолын сындырып, жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. Бұған қоса, Саматәлі Төлтаев, Бекзат Алдамжаров, Нұрлан Сапарбай, Азамат Бектас және Дәулет Молдашевтар төрешілер шешімен есе жіберді.
Қалған жігіттер жарыс жолында. Олар 1-ші наурыз күні жартылай финалдық кездесулерге қатысады. Оған паралель әйелдер арасындағы бәсеке де өтіп жатыр және қазақ қыздарынан нақты кімдердің жартылай финалға шыққаны бүгін белгілі болады. София қаласындағы халықаралық жарыстың 3-ші наурызға дейін жалғасады.