ӘУЕСҚОЙ БОКС
Қазақ балалары халықаралық турнирде топ жарды

Қоржынымызда 21 медаль. Оның 4-еуі алтын. Болгариядағы ересектер бәсекесіне паралель Румынияда бокстан жасөспірімдердің халықаралық турнирі ұйымадстырылды.
Оған Еуропаның түкпір-түкпірінен 400-ден аса қатысушы жиналды. Араларында қазақстандық өрендер де бар. жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері 21 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Оның ішінде 15 спортшымыз финалда жұдырықтасып, 4-еуі алтын жүлде жеңіп алды. Атап атйқанда Арман Мірсәбит, Дулат Азиз, Төреғали Сейдуллаев және Әділ Меделхан өз салмақ дәрежедерінде қарсылас шақ келтірмеді. Бұған қоса, қоржынымызда 11 күміс және 7 қола жүлде бар. Осының арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте сенімді түрде бірінші орынға жайғасты.