ҚЫСҚЫ СПОРТ
Михаил Шайдоров топ бастап тұр

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы төрт құрлық чемпионатына қатысып жатыр.
Жарыстың алғашқы күні қысқа бағдарлама бойынша сындар өтті. Онда жерлесіміз сәтті өнер көрсетіп, 94.73 ұпай жинады. Бұл, салыстырмалы түрде, ең жоғары көрсеткіш. соның арқасында жалпы тізімде бірінші орынға тұрақтады. Енді ертең еркін бағдарлама бойынша бақ сынайды. Соның нәтижесінде жарыс жеңімпазы бен жүлдегерлер анықталады. Айта кетейік, Михаил жуырда ғана Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия Ойындарына қатысып, қола жүлде жеңіп алған болатын.