Спорт Министрі | Елена Рыбакина жартылай финалға шықты
ТЕННИС

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Дубай қаласында WTA 1000 санатындағы теннис турнирі жалғасып жатыр.

 Қазақстандық спортшы ширек финалда америкалық София Кенинмен кездесті. Айта кетейік, Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 7-ші, ал, Кенин 56-шы тұр. Сәйкесінше Рыбакина ә дегеннен белсенді бастап, басымдықты өз қолына алды. Қорытынды есеп: 6:2, 7:6 . Енді жартылай финалда жерлесіміз ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі және финалдың жолдамасын сарапқа салады. Қос теннисші бұған дейін екі рет жолығып, бірінде Рыбакина, екіншісінде Андреева жеңіске жеткен еді.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі теннис турнирі 23-ші ақпанға дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 3 миллион 600 мың АҚШ долларын құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button