БАСҚАЛАРЫ

Қысқы спорт фестивалі қайта жанданады

 «Бұрқасын-2025». Дәл осындай атаумен елордада қысқы спорт фестивалі өтеді.

Бұл 2000-шы жылдардан бері тұрғақты ұйымдастырылатын ауқымды бұқаралық шара. Былтыр ғана ауа-райының күрт жылынуына байланысты өтпей қалып еді. Енді қалалық әкімдік араға үзіліс салып осы фестивальді қайтадан жандандырмақ. Оның аясында елордадағы орталық паркте Есіл өзені үстіндегі арнайы алаңқайда әртүрлі бәсекелер болады. Нақтырақ айтқанда, бағдарламада 9 спорт түрі бар. «Бұрқасынның» негізгі бәсекесі о бастан шаңғы жарысы саналады. Бұған қоса, қысқы футбол, пималы хоккей, автоспорт және мотоспорт бойынша да медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Сонымен қатар, тізімге гір тасын көтеру, белбеу күресі және арқан тарту сияқты бағыттар да қосылған.

Бұқаралық шара алдағы уақытта ауқымын кеңейтіп, еліміздің басқа аймақтарында да параллель өткізілуі мүмкін. Астанадағы шараның өзі 23-ші ақпан күні болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button