ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Харбин 2025: Шаңғы жарысынан қола жүлде қоржында

Қысқы Азия ойындарында ерлер құрамасы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды sportm.kz.
IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды. Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапонияға бұйырды.
Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола, әйелдер командасы эстафетада күміске қол жеткізді.