ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Харбин-2025: Кёрлингтен Қазақстан ерлер командасы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Бүгін Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ерлер Ұлттық құрамасы А тобында Қырғызстаннан басым түсті, деп хабарлайды sportm.kz.
Ұлттық құрама Қырғызстанды 6-3 есебімен жеңді. Спортшыларымыз матчтың екінші бөлігінде жинақы өткізіп, жеңісті есепті ұстап қалды. Команданың құрамында Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Арман Ирджанов (Ермек Мұсайынов резервте) бар.