БАСҚАЛАРЫҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ
Харбин 2025: Хоккейден ұлттық құрама жартылай финалда

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың жартылай финалына шықты, деп хабарлайды sportm.kz.
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында хоккейден ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан басым түсті. Олег Болякин шәкірттері қарсылас қақпасына жауапсыз 24 шайба тоғытты. Есеп: 24-0. Енді жартылай финалда хоккейшілер Оңтүстік Корея немесе Қырғызстан арасындағы жеңімпазбен ойнайды.
Айта кетейік, Қазақстан топтық кезеңде Қытай, Жапония, Қытайдың Тайпей және Оңтүстік Корея командасын ұтқан еді.