ҚЫСҚЫ СПОРТ
Анастасия Городко — әлем кубогының жүлдегері

Канаданың Вал-Сент-Ком аймағында фристайлдан ересектер арасындағы бәсеке басталды.
Бұл жарысқа еліміз атынан үш бірдей спортшы қатысып жатыр. Оның ішінде Анастасия Городко параллель могулда өте сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, жартылай финалда олимпиада чемпионы франициялық Перрин Лаффоннан асып түсті. Ал, финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфпен бірге жарыс жолына шығып, екінші орынға тұрақтады. Яғни, алтын жүлде Джейлин Кауфқа, күміс жүлде Анастасия Городкоға, ал, қола жоғарыда айтқан Перрин Лаффонға бұйырды.
Қазақстандық басқа қыздардың да көрсеткішіне тоқтала кетейін. Жарыс қорытындысы бойынша Юлия Галышева 9-шы, ал, Аяулым Әмренова 13-ші орынға тұрақтады.