
Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша WBA, IBF, IBO және WBO чемпионы болған украиналық Владимир Кличко шаршы алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды sportm.kz.
Аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша WBA, IBF, IBO және WBO чемпионы болған украиналық Владимир Кличко шаршы алаңға оралуы мүмкін, деп хабарлайды sportm.kz.
Мұндағы мақсат — 48 жастағы спортшы даңқты Джордж Форманның рекордын жаңартқысы келеді.
Бұл туралы танымал промоутер Том Леффлер ESNEWS YouTube-каналына берген сұхбатында айтты.
Ол қазір 48-де, наурызда 49 жасқа толады. Форманның рекордың қазір тек Кличко ғана жаңарта алады. Әрине, оның қарсыласы Усик болмайды. Владимир үшін қалай ыңғайлы болатынын алдағы уақытта көреміз, — деді Леффлер.
Айта кетейік, Джордж Форман 45 жасында аса ауыр салмақта екі бірдей чемпиондық титулды алып (WBA және IBF), «әлемнің ең қарт чемпионы» атанған еді.