Спорт Министрі | Әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді

Алматы қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Биылғы байрақты бәсекеде ұлттық құрама өкілдері күн сайын жеңіс тұғырына көтеріліп, тіпті, тарихи нәтиже де тіркеді. Қазақсандық спортшылар бас-аяғы 4 медаль, яғни, 2 алтын және 2 күміс жеңіп алды. Алғашқы алтынды параллельді могул бағытында Анастасия Городко иемденді. Одан кейін дәл осы Анастасия фристайл-могулда күміске қол созды.

Ал, аралас командалық сайыста қазақстандық Юлия Фиклистова мен Денис Раструба жұбы екінші орынға тұрақтап, тағы бір күміс жеңіп алды.

Спорт Министрі | Әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді

Бұған қоса, фристайлдың акробатика бағытында Дінмұхаммед Райымқұл күрделі бағдарламаны сәтті орындап, 104.52 ұпай жинады. Соның арқасында әлем чемпионы атанды. Дінмұхаммед жетістігі отандық спорт үшін тарихи нәтиже саналады.

Спорт Министрі | Әлем чемпионатында тарихи нәтиже тіркелді

Сонымен, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2-ші орынға жайғасты. Бірінші орында қытайлық споршылар болса, жапониядан келген қыз-жігіттер үздік үштікті түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button