Спорт Министрі | Анастасия Городко - әлем чемпионы
БАСҚАЛАРЫ

Анастасия Городко — әлем чемпионы

Алматы қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр.

Ол суперфиналда 70.79 ұпай жинады. Қарсыластары Юма Тагучи (Жапония)– 72.43 Мисе Куриа (Жапония)– 66.63 ұпай жинады. Анастасия бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында алтын және екі күміс жүлдесін жеңіп алған.

Жарыстың кезекті күні ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті. Оны тағы да Анастасия Городко жеңіп алды. Қазақстандық спортшы бұл жолы параллельді могул бағытында сынға түскен еді. Анастасия ақтық сында америкалық Риз Чапделайнмен бірге алтын жүлдені сарапқа салды.Нәтижесінде жерлесіміз үздік нәтиже тіркеді. Қола жүлде тағы бір америкалық Эбби Макларнонға бұйырды.

Осылайша қоржынымыздағы медаль саны екеуге жетті. Яғни, осының алдында Анастасия фристайл могул бағытында күміс жеңіп алған болатын. Соның арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Топ басында Жапония құрамасы болса, Чехия спортшылары әзірге үздік үштікеті түйіндеп тұр. Е

нді бүгін соңғы жарыс күні. Аралас командалық сындар өтеді. Сәйкесінше, ел намысын қорғайтын басқа да ұл-қыздар осы Анастасияның жеңіс жолын жалғасырады деген үміттеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button