Спорт Министрі | Әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Әлем чемпионатында жүлдеге ілікті

Дәл қазір Алматы қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода өтіп жатыр.

Қазақстандық Анастасия Городко фристайлдың могул бағытында сынға түсті және финалда 70.79 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде жапониялық Юма Тагучиге бұйырды. Тағы бір жапон спортшысы Мисе Курэа үздік үштікті түйіндеді.

Спорт Министрі | Әлем чемпионатында жүлдеге ілікті

Айта кету керек, қазақстандық Анастасия Городко әлемдік аламандардан тұрақты жүлде әкеліп жүр. Ол былтыр әлем чемпионатында фристайл могулда бірінші, параллель могулда екінші орын иеленген еді. Биыл жыл басынан, міне, кезекті рет әлем чемпионатының күмісін жеңіп алып отыр.

Анастасиядан басқа қыздардың да көрсеткіштеріне тоқтала кетейін. Ұлттық құрама сапындағы Юлия Феклистова – 13-ші, Анастасия Ларионова – 17-ші Виктория Кузнецова – 18-ші, ал, Юлия Мокина – 22-ші орындарға тұрақтады. Алматы қаласындағы байрақты бәсеке әлі бірнеше күнге жалғасады. Сәйкесінше, ел намысын қорғайтын басқа да ұл-қыздар осы Анастасияның жеңіс жолын жалғасырады деген үміттеміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button