
Александр Бублик спорттағы мансабын аяқтаған соң, туған жері Санкт-Петербургке оралғысы келеді,деп хабарлайды sportm.kz.
Қазақстанның көк паспортын алып, әлемдік аламандарға еліміздің атынан қатысып жүрген Александр Бублик спорттағы мансабын аяқтаған соң, туған жері Санкт-Петербургке оралғысы келеді.
Бұл жөнінде ол «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Қазір Қазақстан намысын қорғап жүрмін. Бірақ, мен орыспын. Сондықтан мені Петербург өзіне тартып тұрады. Жерлестерімді жақсы көремін. Жан-дүниеммен беріліп сүйемін. Сол себепті басқа жақта тұра алмаймын. Кәсіпқой мансабымды аяқтағаннан кейін Санкт-Петербург қаласына қоныс аударамын» — деді Бублик.
Айта кетйік, 27 жастағы Александр Бублик Ресейдің Ленинград облысында дүниеге келген. 2016 жылға дейін Ресей намысын қорғады. Кейін Қазақстан атынан жарыстарға қатыса бастады.