Спорт Министрі | Қазақ балалары әлем чемпионы атанды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақ балалары әлем чемпионы атанды

Қоржынымызда 10 медаль. Оның 2-еуі алтын. Қазақстанның жас шахматшылары әлем чемпионатынан осындай олжамен оралды.

Рапид және блиц бойынша жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Словенияның Терме Чатеж қаласында өткен болатын. Оған 36 елдің 320-ға жуық қатысушы жиналды. Араларында 16 Қазақстанның өкілі бар.

Жарыс қорытындысы бойынша, қыздар арасында Елназ Қалиахмет пен ұлдар арасында Даниял Сәпенов ең жоғары ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Бұған қоса, Әсия Асылхан, Дениза Құрманалина, Әмина Қайырбекова және Мирас Асылов сияқты спортшыларымыз алдыңғы үштіктен табылып, жеңіс тұғырына көтерілді.

« Биыл жетістікке толы жыл болды. Бізде медаль саны рекордтық деңгейге жетті және оның көпшілігін жас балалар жеңіп алды. Бұл үлкен спорттық сапардың басы ғана екеніне кәміл сенемін», — деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button