Спорт Министрі | Жапонияда жаттығу жиынын өткізді
ДЗЮДО

Жапонияда жаттығу жиынын өткізді

Ұлттық құрама өкілдері жылдың соңғы жаттығу жиынын Токио қаласында өткізді. Кодокан институтындағы дайындыққа 37 бірдей спортшымыз қатысты,деп хабарлайды sportministri.kz.

«Қазақстандық қыз-жігіттер шетелдік спортшылармен бірлескен жаттығуда тәжірибе алмаса отырып, қатемен жұмыс істеді. Бұл жаттығу жиыны жаттықтырушылар үшін де тәжірибе алмасып, біліктілікті шыңдауға керемет мүмкіндік. 2024 жылдың соңғы жарысы аяқталғанымен, жаттығулар әлі аяқталған жоқ. Біз үшін маусым әлі жалғасуда», — деді Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев.

Спорт Министрі | Жапонияда жаттығу жиынын өткізді

Айта кетейік, 7-8 желтоқсан күндері ұлттық құрама спортшылары Токио Гранд Слэмінде белдескен болатын. Алайда 11 дзюдошының арасында тек 90 келіге дейінгілер арасында Максим Мейірлан ғана қола үшін күресіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Қалғандары түгел жеңілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button