Спорт Министрі | Балалар арасындағы халықаралық турнир
ФУТБОЛ

Балалар арасындағы халықаралық турнир


4 елдің командалары Астанада бас қосып, 4 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Бұнда футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның өрендері қатысты.

Бас-аяғы 16 команда алдымен топтық кезеңде, одан кейін плей-офф және финалдық кезеңдерде бас жүлдені сарапқа салды. Халықаралық турнир 10-11 жастағы балалар арасында болды. «Дәл осы жас деңгейінің таңдалуы да бекер емес» — дейді жарысты ұйымдастырушы Еркебұлан Жомарт. Оның айтуынша, бұл балалар футболынан жасөспірімдер футболына ауысатын шақ. Сәйкесінше, шеберлік шыңдап, тәжірибе жинауына көбірек мүмкіндік жасау қажет.

«Биыл 2013-2014 жылы дүниеге келген балалар таңдалды. Олар ұлттық құраманың резервтері ғой. Сондықтан, осы жастан аса маңызды деп көңіл бөліп отырмыз. Келесі жылы осы «Астана Кубогы» халықаралық жарысына қатысушылар санын арттырамыз. Жылына тұрақты түрде 2 рет өтетін аладоп аламанына айналдырамыз» — деді №8 спорт мектебінің директоры Еркебұлан Жомарт.

Спорт Министрі | Балалар арасындағы халықаралық турнир

Сонымен, Астанада өткен аладоп аламанының нәтижесінде жергілікті «Жеңіс» командасы топ жарды. Олар финалда қырғыз елінен келген «Мурас» командасын жеңді. Ал, үздік үштікті «Астана» клубының шәкіртері түйіндеді.

Жарыс қорытындысы бойынша ерекше қабілетімен көзге түскен балаларды арнайы сыйлықтармен марпаттады. Атап айтқанда, “Үздік ойыншы” атағы “Звезда Пермь” командасындағы Данил Ощепковқа, “Үздік шабуылшы” атағы «Мурас Юнайтед» ойыншысы Чынторо Асановқа, ал, “Үздік қорғаушы» атағы “Бунедкор Ташкент” командасындағы Акобир Мухаммадиевке берілді.

Спорт Министрі | Балалар арасындағы халықаралық турнир

Айта кету керек, осындай деңгейдегі жарыс Астанада екінші рет өткізіліп тұр. Алғашқысы наурыз айында болған еді. Енді қазақстандық мамандар оны дәстүрлі ұйымадстырып, алдағы жылы да елорда төрінде балалар арасында 2 бірдей халықаралық турнир жасауды жоспарлап отыр.
 

Басқа жаңалықтар

Back to top button