БАСҚАЛАРЫ
Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер

Оразбек Асылқұлов 57 кг салмақ дәрежесіндегі Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
Ол финалдық кездесуде өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен кездесті.
Бірінші раундта қарсыласынан басым болды. Екінші раундта төрешілер өзбек боксшысына басымдық берді. Шешуші раунд нәтижесі бойынша Миразизбек чемпион атанды.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын 2 күміс 1 қола бар.