Спорт Министрі | Стадионда төбелес болып, бірнеше адам қаза тапты
БАСҚАЛАРЫФУТБОЛ

Стадионда төбелес болып, бірнеше адам қаза тапты

Гвинеяның оңтүстік-шығысындағы Нзерекор қаласында футбол матчында жанкүйерлер арасында жаппай төбелес шығып, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды sportministri.kz.

Оқиғаға төрешінің қызыл қағаз көрсетіп, кейін командалардың біріне пенальти белгілеген даулы шешімдері себеп болған, содан кейін жанкүйерлер төбелесіп кеткен.

Оларды ажырату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Қашуға тырысқан жанкүйерлер стадионнан сыртқа қарай асығып, шығаберістерде кептеліс тудырған. Жанкүйерлер тұншығып сыртқа шықпақ болған кезде стадион қабырғаларынан құлап көз жұмған.

Ол жерде 100-ге жуық өлі дене бар. Кейбіреулер дәліздерде және еденде жатыр. Мәйітхана толып кетті, – деді дәрігерлердің бірі AFP агенттігіне.

Құрбандардың дәл санын айту әзірге қиын, Мәйіттерді толық анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button