Спорт Министрі | Қ. Тоқаев Туризм және Спорт министрін қабылдады
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қ. Тоқаев Туризм және Спорт министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады. Ведомства басшысы отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде баяндады. Атап айтқанда балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту және федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында есеп берді. Қазір салада вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталды. Осы мақсатта арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізді. Одан бөлек, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылғаны хабарланды. Елге келетін туристерің санын арттыру бағытында да белсенділік байқалады. Мәселен, Алматы тау кластері, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде.

Мемлекет башысына биылғы жұмыс пен 2025 жылға арналған жоспарды баяндадым. Өңірлердегі спорт саласына жүргізілген талдау жұмыстары мен вертикальді басқару жүйесі туралы айттым. Туризм саласын дамыту мақсатында Neo Nomad Visa жобасы іске қосылғанын жеткіздім. Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес жұмыстары жалғасатыны жеткізілді. Президентке министрлік жетекшілік ететін салалардағы заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат берілді — деді Ербол Мырзабосынов.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button