Ұлттық құрама әлемдік рейтингте көтерілді

Қазақстандық семсерлесу шеберлері әлемдік рейтингте көтеріліп, алдыңғы бестікке кірді. Нақтырақ айтқанда ұлттық құрамамыз дәл қазір 4-ші орында тұр.
Еске сала кетейік, жуырда ғана Швейцарияның Берн қаласында семсерлесуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі өткен болатын. Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов төрттігінен тұратын Қазақстан құрамасы 35 команда ішінен 7-ші орынға жайғасты. Яғни, іріктеу кезеңдерінде Дания, Украина және Нидерланд сияқты азулы командаларды ұтты. Ширек финалда Венгриядан 36:45 есебімен, ал, Швейцариядан 42:45 есебімен жеңілді. Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 2 саты жоғарылап, 6-шы орыннан 4-ші орынға көтерілді.
Айта кетейік, жоғарыдағы жігіттер биыл Париж олимпиадасында да ел намысын қорғаған болатын. Жазғы ойындардың командалық сынына Қазақстан өз тарихында алғаш рет қатысты.