Спорт Министрі | Жалпы есепте бірінші орындамыз 
БОКС

Жалпы есепте бірінші орындамыз 

Ж Будвадағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ең үздік нәтижені тіркеді.

Байрақты бәсекеге 73 елден 600-ден аса қатысушы жиналған болатын. Олар 25 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Яғни, ұлдар арасында 13, қыздар арасында 12 салмақта медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Нәтижесінде, қазақстан құрамасының өкілдері 17 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни, қоржынымызда 17 медаль бар. Оның 6-ауы алтын жүлде. Бұған қоса, спортшыларымыз 1 күміс пен 10 қола жеңіп алды. Соның арқасында сенімді түрде топ басына шықты. Жалпы тізімінің екінші сатысына Өзбекстан құрамасы жайғасса, үздік үштікті Ресейден келген боксшылар түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 5 алтын жүлдеден бар. Бұған қоса, Қытай, Ирландия, Түркия, Мексика және Солтүстік Корея өкілдері де әртүрлі салмақ дәрежелеірінде чемпион атанып, жалпы командалық есептің алдыңғы ондығына кіруге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) және Санжарәлі Бегалиев әлем чемпионы атанды. Ал, қыздар құрамасынан Елянур Турганова (50 кг) мен Аружан Зейноллаева (81 кг) бірінші орын иеленді. Сонымен қатар, Ұлдана Таубай (66 келі) финалда қасрыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге қол созды. Бұған қоса, қазақстандық Диас Берікбай, Жансері Көшербаев, Расул Асанханов, Аслан Елдібайұлы, Әнел Абдрасилова, Бағжан Отынбай, Толғанай Қасымхан, Аружан Жаңабаева, Шұғыла Нәлібай және Панар Сейітханқызы өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеп, қола жүлде иеленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button