
Өзбекстан астанасы Ташкентте кадеттер арасында дзюдодан Гран-при кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бір алтын, үш күміс және екі қола медаль иеленді.
Жарыстың соңғы күні 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасының жалғыз алтын медалін 40 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әдия Жанахмет жеңіп алды.
Ернат Кеңесбек (55 келі) пен Аслан Ерғалиев (60 келі) өз салмақ дәрежелерінде күміс медаль иеленді.
Ал Ғабит Расулхан (60 келі) мен Ерік Үсенов (66 келі) халықаралық доданы қола жүлдемен аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ташкенттегі Гран-приде бес салмақ дәрежесі бойынша алты медаль жеңіп алды.



